«Тобыл» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын қатарға қосты

10.02.2022, 15:18
Футболшы соңғы жылдары Беларусь және Өзбекстан чемпионатында доп тепті
«Тобыл» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын қатарға қосты

Қостанайлық «Тобыл» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Владислав Васильев – Қарағанды ​​футбол мектебінің түлегі. Ол 2015 жылдың наурыз айында Премьер-лигадағы дебютін «Шахтер» сапында жасап, үш маусымда 25 ойын өткізді.

Осыдан кейін жартылай қорғаушы Беларусь чемпионатында өнер көрсете бастады, бірінші маусымда Минскінің «Энергетик-БГУ» клубымен Жоғары лигаға жолдама алды. Кейінірек «Рух» клубының намысын қорғады. Ол Беларусь Жоғары лигасында бас-аяғы 65 кездесу өткізіп, 15 гол мен 20 нәтижелі пастың авторы атанды.

Владиславтың соңғы командасы өзбекстандық «Андижан» болды (8 кездесу, 1 гол).

Қазақстан құрамасының жейдесінде Васильев 8 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×