«Тобыл» Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды

03.03.2022, 02:39
Қостанайлық клуб аталмыш трофейді екінші жыл қатарынан жеңіп алды.
«Тобыл» Қазақстан Суперкубогінің иегері атанды

Қазақстан Суперкубогі үшін болған шешуші матчта «Қайрат» пен «Тобыл» командалары кездесті. «Астана Аренада» өткен матч 2:1 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойынның 30-минутында Серікжан Мужиков пенальтиді сәтті орындап, қостанайлық клубты алға шығарды. Тоғыз минуттан кейін «Қайрат» шабуылшысы Жоао Пауло алыс бұрышты дәл көздеп, ғаламат гол соқты. Кездесудің екінші бөлігінде бас төреші Данияр Сахи «Тобыл» қақпасына пенальти белгілеп еді, Рикардо Алвеш бұл мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал 80-минутта алаңға шыққан Айбар Жақсылықов үш минуттан кейін жеңісті голды соқты. Бұл жолы нәтижелі пасты Серікжан Мужиков өз атына жазды.

Осылайша, қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогін екінші жыл қатарынан жеңіп алды.

Қазақстан Суперкубогі, финал

«Тобыл» - «Қайрат» - 2:1

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Кайыров – Душан Йованчич, Серікжан Мужиков (к) – Рубен Бриджидо (Самат Жарынбетов 90), Зоран Тошич (Асхат Тағыберген 65), Игорь Сергеев (Айбар Жақсылықов 81);

Қосалқы құрам: Дмитрий Непогодов (қ), Сұлтан Бусурманов (қ) – Роман Асранқұлов, Алекса Аманович, Данияр Семченков, Дмитрий Мирошниченко – Вячеслав Кұлпейісов, Жасұлан Жұмашев;

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Маки Баньяк, Еркебұлан Сейдахмет – Яцек Гуральский (к), Рикарду Алвеш – Данияр Усенов, Жоао Пауло (Гүлжігіт Алықұлов 84), Хосе Канте (Артур Шушеначев 58);

Қосалқы құрам: Вадим Ульянов (қ) – Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко – Адам Адахаджиев, Андрей Ульшин, Жасурбек Жалолиддинов – Вячеслав Швырёв;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×