«Тобыл» 30 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Мирошниченконың клубтан кеткенін хабарлады.
Тараптар екіжақты келісім бойынша еңбек шартын мерзімінен бұрын тоқтатты.
Футболшы «Тобыл» құрамын 2016 жылдың басында толықтырған еді. Қорғаушы сол жылдың наурыз айында «Ақжайыққа» қарсы дебюттік ойынын өткізді. Содан бері қостанайлық клуб сапында 145 ойында алаңға шығып, жеті гол соқты.
«Тобылмен» бірге ол Қазақстан чемпионы атанды және ел Суперкубогін екі мәрте жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET