«Тобыл» қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды

17.04.2022, 03:00
Бұл ойында төрт голдан бөлек, соғылмаған пенальти мен қызыл қағазға куә болдық.
«Тобыл» қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Тобыл» «Қайратпен» тең ойнады. Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 8-минутында Хосе Канте бұрыштамадан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. Ал жауапты голды бірінші таймның соңында Сергей Малый соқты. 72-минутта Зоран Тошич айып тобын тамаша орындап, командасын алға шығарып еді, 99-минутта Владислав Васильев өз қақпасына гол соғып алды. 95-минутта «Қайраттың» қорғаушысы Арсен Бораншыев қызыл қағаз алды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 6-тур

«Тобыл» – «Қайрат» – 2:2

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Душан Йованчич, Бағдат Қайыров (Дмитрий Мирошниченко 90+7) – Самат Жарынбетов, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо, Зоран Тошич (Айбар Жақсылықов 80), Игорь Сергеев;

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сшлтанбек Астанов (Гүлжігіт Алықұлов 79), Арсен Бораншыев, Виктор Васин, Дамир Касабулат (Данияр Үсенов 59), Еркебұлан Сейдахмет – Андрей Ульшин, Рикарду Алвеш (к) – Жоао Пауло, Жасурбек Жалолиддинов, Хосе Канте;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×