«Тобыл» «Қызыл-Жардан» басым түсті

08.11.2020, 21:46
«Тобыл» үшінші орында тұрған «Астанадан» бес ұпайға озып кетті.
«Тобыл» «Қызыл-Жардан» басым түсті

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан чемпионатының 18-турында Петропавлдық "Қызыл-Жарды" минималды есеппен жеңді. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды Темірлан Ерланов Джаба Канкаваның пасынан кейін соқты.

Бұл жеңістен кейін "Тобыл" 32 ұпаймен екінші орынын сақтап қалды. "Қызыл-Жар" 16 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×