«Тобыл» Қостанайда «Тұранды» жеңіп, төртінші турдан кейін Прем ер-лиганың турнирлік кестесінде көш бастады.
Алаң иелері кездесудің 19-минутында Зоран Тошичтің пенальтиден соққан голынан кейін есеп ашты. Екінші таймның басында Асхат Тағыберген (49-шы) супер гол соғып, командасының есептегі басымдығын нығайтты. Алты минуттан кейін «Тобылдың» капитаны айып добынан гол соғып, дубль жасады (3:0).
Қазақстан Премьер-лигасы, 4-тур
«Тобыл» – «Тұран» – 3:0
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Александр Марочкин, Алекса Аманович, Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (к) (Самат Жарынбетов 71), Душан Йованчич (Дмитрий Мирошниченко 81) – Рубен Бриджидо (Роман Асранқұлов 85), Зоран Тошич (Айбар Жақсылықов 71), Игорь Сергеев (Жасұлан Жұмашев 81);
«Тұран»: Ержан Тоқотаев (қ) – Максим Федин (Шохан Абзалов 83), Александр Клещенко, Олжас Керімжанов, Қасымжан Таипов, Еркін Тапалов – Чиди Осучукву, Абдуллай Диакате – Азат Нурғалиев (к), Тони Сильва (Фархат Мұсабеков 70), Самир Фазли (Алияр Мұхаммед 83);
Біздің серіктес: FONBET