«Тобыл» футбол клубы 29 жастағы сербиялық ойыншы Мильян Вукадиновичпен бір жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Мильян 1992 жылы 27 желтоқсанда Белградта дүниеге келген. Ол мансабын туған қаласындағы «Хайдукте» бастады. Содан кейін Вукадинович Чехияға көшіп, «МАС Таборо», «Млада Болеслав» және «Славия Прага» клубтарында доп тепті. Кейін ол Сербияға оралып, 2018 жылдың қаңтарында «Земун» командасына қосылды. 2020 жылы «Напредактан» Суперлиганың басқа клубы – «Войводинаға» ауысты.
Мильян Сербия құрамасы сапында екі жолдастық матч өткізген.
Бұған дейін «Тобыл» 32 жастағы ивуарлық шабуылшы Серж Деблемен келісім-шарт жасасқан еді. Сондай-ақ словениялық жартылай қорғаушы Руди Пожег Ванкасты шығарып салды.
Біздің серіктес: FONBET