Жақын күндері «Тобылдың» бас бапкері болып сербиялық маман Милан Миланович тағайындалады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Миланович орыс тілін жетік меңгергіндіктен, облыс басшылығы осы маманның кандидатурасын мақұлдауда. Оның үстіне 59 жастағы бапкер бұған дейін де Қазақстанда жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары сербиялық бапкер «Ертісте» жұмыс істеген. Ал қазір Арменияда «Алашкерт» клубын жаттықтырып жүр.
Қостанайлық клуб бұл қызметке басты үміткер ретінде Григорий Бабаянды қарастырған болатын. Бірақ қазақстандық маман ЦСКА клубымен келісім-шартты ұзартуды көздеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET