Сербиялық жартылай қорғаушы Душан Йованчич "Тобылмен" 1,5 жылдық келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Йованчич жыл басында түркиялық "Ризеспордан" жалдау шарты бойынша "Тобылға" ауысқан болатын. Маусым айында ойыншының жалдау мерзімі аяқталып, Түркияға оралған еді.
30 жастағы сербиялық жартылай қорғаушының Қазақстан Премьер-лигасында 11 матч өткізгенін айта кетейік.
Біздің серіктес: FONBET