«Тобыл» сербиялық футболшыны жалға алды

01.03.2021, 19:27
Бұл футболшы командадан кеткен Джаба Канкаваның орнын жоқтатпау керек.
«Тобыл» сербиялық футболшыны жалға алды

Қостанайлық «Тобыл» сербиялық ойыншы Душан Йованчичті Түркияның «Ризеспор» командасынан жалға алғанын хабарлады.

Душан 1990 жылы Белград қаласында туылған. Ол 20 жасында жергілікті «Славия» командасына алынды. 2018 жылға дейін «Сумадия», «Земун», «Борац Чачак», «Воеводина» командаларында доп тепті. Содан соң футболшы атақты «Црвена Звезда» ұжымына қосылды. Клуб сапында бірнеше жекелей атақтарға қол жеткізді. Душан Чемпиондар лигасында «Ливерпуль», «Бавария», «Наполи» сынды алпауыт командаларға қарсы өнер көрсеткен. 2018-2019 жылғы маусымда Сербия Суперлигасының үздік ойыншылары қатарына енді

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×