«Тобыл» шабуылшысы Өзбекстан құрамасына шақыртылды

07.11.2021, 21:38
Бұл футболшы маусымның соңғы бөлігін керемет өткізуде.
«Тобыл» шабуылшысы Өзбекстан құрамасына шақыртылды

"Тобылдың" шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

Азия футбол конфедерациясының күнтізбесіне сәйкес, Өзбекстан құрамасы 15 қараша күні Грузияға қарсы жолдастық матч өткізеді. 

Сергеев бұл маусымды "Ақтөбеде" бастаған болатын. Бірақ кейіннен "Тобылға" ауысты. Шабуылшы осы маусымда бас-аяғы 37 матчқа қатысып, 17 гол соқты.

Игорь Өзбекстан құрамасындағы дебютін 2013 жылы жасаған. Содан бері 58 матчқа қатысып, 17 мәрте мергендігімен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×