«Тобыл» «Шахтерді» еш қиындықсыз жеңді

25.05.2021, 02:47
Қостанайлық клуб пен «Астана» арасындағы ұпай айырмашылығы беске қысқарды.
«Тобыл» «Шахтерді» еш қиындықсыз жеңді

"Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының он үшінші туры қарсаңында "Тобылмен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 0:3 есебімен аяқталды.

"Тобыл" сапында Асхат Тағыберген ойынның 30-минутында айып алаңының сыртынан тамаша соққы жасап, есеп ашты. Ал 57-минутта дәл осы футболшы пенальтиден мүлт кетпей, ойындағы екінші голды соқты. "Шахтер" футболшысының қателігін сәтті пайдаланған Элгуджа Лобжанидзе матчтың нүктесін қойды.

"Шахтер" бұл ойыннан кейін 8 ұпаймен он екінші орында қала берді. "Тобыл" 28 ұпаймен екінші орынға жайғасты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×