«Тобыл» 28 жастағы словениялық жартылай қорғаушы Руди Пожег Ванкасты қатарына қосты.
Ванкас Словения чемпионатында «Колпа», «Домжале», «Целье» және «Марибор» командаларында ойнады, соңғысында ол капитан ретінде алаңға шықты. Осы жылдың басында вингер украиналық «Черноморец» сапына қосылды.
Ванкас Словения чемпионатында 274 матч (49 гол, 32 нәтижелі пас) және еурокубокте 15 кездесу өткізген.
Сондай-ақ Руди Словения ұлттық құрамасы сапында 2018 жылы дебют жасап, 1 матчқа қатысты. Ал жастар құрамасында 37 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET