
Александр Зуев
ҚПЛ-дің төртінші турында көкшетаудың «Оқжетпесі» қостанайлық «Тобылды» қабылдап, 0:1 есебімен жол берді.
Кездесудегі жалғыз голдың авторы Александр Зуев (90+3). Алаң иелері матчты 10 адаммен аяқтағанын қоса кету керек - 67-минутта Нияз Ыдырысов қызыл қағазбен жазаланып, алаңнан қуылды.
Сонымен, «Тобыл» сегіз ұпай жинап, әзірше көш бастады. Ал Андрей Ферапонтовтың командасы 4 ұпаймен алтыншы сатыда.
Біздің серіктес: FONBET