«Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы турында «Тобылмен» кездесті. Матч «Түркістан Аренада» өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 60-минутында Шохан Абзалов көзге түссе, 83-минутта Чиди Осучукву есепті еселеді. Бірақ үш минуттан кейін Сергей Малый мергендік танытты. Ал кездесудің қосымша уақытында Душан Йованчич пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді.
Қазақстан Премьер-лигасы, 16-тур
«Тұран» – «Тобыл» – 2:2
«Тұран»: Ержан Тоқотаев (қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (к), Қасымжан Таипов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов – Алияр Мұхаммед, Шохан Абзалов (Қуаныш Дүйсенбекұлы 90+4), Самир Фазли (Бекзат Қабылан 90+10);
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Бағдат Қайыров, Александр Марочкин, Сергей Малый, Самат Жарынбетов – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков (к) (Владислав Васильев 67 (Роман Асранқұлов 84)) – Рубен Бриджидо (Айбар Жақсылықов 67), Зоран Тошич, Игорь Сергеев (Жасұлан Жұмашев 84);
Біздің серіктес: FONBET