Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында қостанайлық «Тоболды» қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу екіжақты шабуылмен басталды. Алаң иелері допты көбірек иеленуге тырысқанымен, нақты қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алмады. Ал қостанайлықтар мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Бірінші таймда Неманья Цавнич есеп ашса, ойын соңына қарай Бейбіт Ғалым тараз басын еселеді.
Бұл жеңістен кейін «Тоболдың» ұпай саны 38-ге жетіп, турнир кестесінің үшінші сатысында орнықты. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.
«Қызылжар» — «Тобол» 0:2 (0:1)
Голдар: Цавнич 20 минут (0:1), Ғалым 83 минут (0:2)
Қызыл қағаз: Себаи 85 минут («Қызылжар»)