«Тобыл» сырт алаңда «Қайраттан» басым түсті

06.09.2022, 01:56
Матч барысында бес гол соғылды.
«Тобыл» сырт алаңда «Қайраттан» басым түсті

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында «Тобылды» қабылдады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:3 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына шешілді.

Кездесудің 26-минутында Игорь Сергеев есеп ашып еді, бірінші таймның соңында Айбар Жақсылықов мергендік танытты. Бірақ 53-минутта алматылық клуб Артур Шушеначевтің голымен жауап қатты. Ал 76-минутта Сергеев дубль авторы атанды. 90-минутта Гүлжігіт Алықұлов пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты.

«Қайрат» – «Тобыл» – 2:3

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Лев Кургин, Дамир Қасаболат, Виктор Васин (к), Сұлтанбек Астанов – Әділет Садыбеков, Арсен Бораншыев, Данияр Үсенов – Жоао Пауло, Айбар Абдулла, Артур Шушеначев;

Қосалқы құрам: Вадим Ульянов (қ), Темірлан Анарбеков (қ) – Маки Баньяк, Егор Ткаченко – Рустам Эмиров, Антон Крачковский, Адам Адахаджиев, Андрей Ульшин, Гүлжігіт Алықұлов, Еркебұлан Сейдахмет – Вячеслав Швырёв;

«Тобыл»: Тимур Акмурзин (қ) – Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков (к) – Мильян Вукадинович, Айбар Жақсылықов, Игорь Сергеев;

Қосалқы құрам: Юрий Мелихов (қ) – Роман Асранқұлов, Александр Марочкин, Данияр Семченков – Самат Жарынбетов, Чиди Осучукву, Вячеслав Күлпейісов, Владислав Васильев, Зоран Тошич – Серж Дебле;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×