«Тобыл» Талғат Байсуфиновті керек қылмады

17.05.2022, 23:43
Облыс әкімі тәжірибелі шетелдік маманға сенім артқысы келеді.
«Тобыл» Талғат Байсуфиновті керек қылмады

Sportx.kz сайтына белгілі болғандай, «Тобылдың» жаңа бас бапкері жақын күндері тағайындалады және ол шетелдік маман болады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Талғат Байсуфиновты бас бапкер қызметіне тағайындау туралы нұсқадан бас тартты. Футболға қатты қызығатын аймақ басшысы клуб басшылығымен бірлесе отырып, команданың Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсетіп, чемпиондық атағын қорғауы үшін тәжірибелі шетелдік маман қажет деп шешті.

Ал болгариялық маман Станимир Стойловтың «Тобылға» келуі туралы ақпарат негізсіз болып шықты, оны бапкердің өзі де растады. Оның үстіне, Стойловтың «Левскидегі» жалақысы 25 мың еуроны құрайды, бұл қостанайлық клуб үшін өте көп қаржы болып табылады.

Осы демалыс күндері «Тобыл» өз алаңында чемпионат аутсайдері «Мақтааралды» қабылдайды. Команданы бұл ойынға спорттық директор Нұрбол Жұмасқалиев дайындап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×