
"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында түркістандық "Тұранмен" кездесті. "Тобыл Аренада" өткен ойында қостанайлық клуб 5:0 есебімен жеңіске жетті.
"Тобылға" жылдам гол соғудың сәті түсті. Ойынның 8-минутында Неманья Николич есеп ашты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Азат Нұрғалиев пенальтиді сәтті орындады. 63-минутта Николич дубль авторы атанды. 76-минутта Дмитрий Мирошниченко командасының төртінші голын соқса, қосалқы құрамнан шыққан Жасұлан Жұмашев 84-минутта ойынның нүктесін қойды.
Осы ойыннан кейін Григорий Бабаян шәкірттері екінші орынға шықты (15 ұпай). "Тұран" 3 ұпаймен он үшінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET