«Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіліспен аяқтады

22.02.2022, 15:03
Москаленко шәкірттері жиын барысында жеңістің не екенін білмеді.
«Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жеңіліспен аяқтады

Қостанайлық «Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өткізген жолдастық кездесуде ресейлік «Рубиннен» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Серікжан Мужиков, Рубен Бриджидо – Зоран Тошич, Игорь Сергеев;

Осылайша, «Тобыл» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Белекте Александр Москаленконың шәкірттері 5 кездесу өткізіп, 3 рет жеңілді, 2 матчта тең түсті.

Биылғы маусымда «Рубин» 18 турдан кейін 22 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінде 10-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×