Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті.
Бірінші таймда матчтың есебін қонақтар ашты. 43-минутта Дәурен Жұмат пенальтиді сәтті орындап, «Оқжетпесті» алға шығарды. Ал екінші таймда қостанайлықтар шабуылдарын арттырып, нәтижеге айналдыра білді.
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Жаслан Жұмашев 64 және 72-минуттарда Николай Сигневичтің пасынан екі гол соғып, дубль авторы атанды және командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 2:1.
Бұл жеңістен кейін «Тобылдың» 34 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Оқжетпес» 24 ұпаймен алтыншы орында қалды.
«Тобыл» — «Оқжетпес» 2:1 (0:1)
Голдар: Жұмат, 43 минутта пенальти (0:1), Жұмашев, 64 минут (1:1), Жұмашев, 72 минут (2:1)