KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобылдың» үш футболшысы командадан кетті.
2021 жылдың 31 желтоқсанында «Тобылдың» үш ойыншысының: Тони Силва, Жереми Манзорро және Эльгуджа Лобжанидзенің келісім-шарты аяқталды.
28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Тони Силва «Тобылға» өткен жылдың басында қосылған еді. Содан бері 34 матч өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Жереми Манзорро «Тобыл» сапында 44 кездесу өткізіп, 7 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Қазақстанда «Ертіс» клубының намысын қорғаған (26 матч, 6 гол).
«Тараз» пен «Қайсардың» бұрынғы шабуылшысы Эльгуджа Лобжанидзе қостанайлық клуб сапында 29 ойынға қатысты (4 гол, 4 нәтижелі пас).
Біздің серіктес: FONBET