«Тобыл» үш ойыншымен толықты

19.02.2021, 03:23
«Тобыл» командадан кеткен көшбасшы ойыншыларды еш қиындықсыз алмастырды.
«Тобыл» үш ойыншымен толықты

Қостанайлық "Тобыл" Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидземен келісім-шартқа отырды.

Элгуджа – «ВИТ-Джорджия» (Грузия) клубының түлегі. Сонымен қатар ол өз отанында «Шукуру», «Динамо», «Рустави» құрамында, 2017 жылы Ресейде «Оренбург» сапында өнер көрсетті. 2019 жылдың ақпан айында ойыншы «Таразға» ауысты.

Өткен маусымда 28 жастағы ойыншы «Қайсар» жейдесінде 13 матчта 8 гол соқты. Ұлттық құрамада 2017 жылы дебют жасап, 11 матч өткізді. «Тобылда» шабуылшы 99 нөмірмен өнер көрсетеді. 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Тобыл" ойыншысы атанды.

Тағыбергеннің кәсіби мансабы өзінің туған жері – Қызылордада басталды, 2008 жылы «Қайсар» сапына алынды. Ол осы команданың құрамында ел біріншілігінде 2012 жылға дейін ойнады. 2013 жылы Тағыберген «Ақтөбеге» ауысты. Мұнда Асхат ел чемпионы, кейін күміс және қола жүлдегер атанды, Қазақстан Суперкубогінің иесі деген атағы және бар.

2016 жылы елордалық «Астана» клубына ауысып, онымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, ел Кубогін жеңіп алды. 2017 жылдың ақпан айында Тағыберген Қостанайға қоныс аударды. Астықты аймақта 10 ойын өткізіп, 2018 жылдың қаңтар айында «Қайсарға» қайта оралды. Асхат қостанайлық командаға Түркиядағы жиындарда қосылды. Жартылай қорғаушы 8-ші нөмірді таңдады.

Қостанайлық клуб қақпашы Егор Цуприковпен келісім-шартқа қол қойды

Егор Цуприков өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Шахтер-Болат» командасында бастады. «Шахтердің» негізгі құрамында 2018 жылы қызылордалық «Қайсарға» қарсы ойында дебют жасады. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. Жаңа маусымда қақпашы 41-ші нөмірмен өнер көрсетеді.⠀

"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×