Қостанайлық «Тобыл» қорғаушы Жарко Томашевич, қақпашы Дмитрий Непогодов және шабуылшы Айбар Жақсылықовпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Черногория құрамасының 31 жастағы қорғаушысы Жарко Томашевич соңғы 2,5 жылдан бері «Астана» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол елордалық клуб сапында 48 кездесу өткізіп, 6 гол соққан. Орталық қорғаушының қостанайлық клубпен келісім-шарты маусымның соңына дейін жасалған. Жарко әрі қарай да 33-нөмірмен өнер көрсете бермек.
Қазақстан құрамасының 33 жастағы қақпашысы Дмитрий Непогодов 2018-2019 жылғы маусымда «Тобылдың» намысын қорғаған. Одан кейін «Ордабасы» мен «Астана» командаларында өнер көрсетті. Қостанайлық клуб қақпашымен 1 жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Қазақстан құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Айбар Жақсылықов та келер маусымнан бастап «Тобыл» сапында доп тебеді. Өткен маусымда Жақсылықов «Жетісу» үшін Премьер-лигада 18 матч өткізіп, 4 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET