«Тобыл» үш ойыншысының келісімшартын ұзартты

24.01.2023, 22:12
«Тобыл» үш ойыншысының келісімшартын ұзартты


"Тобыл" ФК бірден үш ойыншының келісімшартын созды.

Командада Серікжан Мұжықов қалатын болды. Ол қостанайлық ұжымда 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Серікжан "сары-жасылдар" үшін жалпы алғанда 64 ойын өткізіп, 10 гол салған болатын. Алдыңғы маусымда ол, әріптестеріне 10 голдық пас берді. Жаңа келісімшарт мерзімі 2023 жылдың соңына тең. 

Александр Марочкинде "Тобылда" бір жыл аялдамақ ниетте. Ол бұл командаға 2021 жылы келді. Сұранысқа ие қорғаушылар қатарына кірді. Өткен маусымда Александр барлығы 24 ойын үшін алаң шыққан болатын. 

Самат Жарынбетовте бір жылдан артық қалмайтын болды. Ол жоғарыда аты аталған командаластарына қарағанда "Тобылда" 5-6 жыл артық өнер көрсетті. Сол уақыттың ішінде Самат "сары-жасылдар" үшін 126 ойын өткізіп, 4 гол салған еді.

Бұған дейін, "Тобыл" Сергей Малыймен келіссөздер жүргізген. Алайда, ойыншы талаптарына байланысты жаңа келісімшартқа келісе қоймады. Тараптар екі жаққа кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×