Қостанайлық “Тобыл” өз алаңында швейцариялық “Санкт-Галленге” жол берді (0:1, алғашқы матч 1:4).
Қостанайдағы Орталық стадионда жалғыз голды 73 минутта Санкт-Галлен ойыншысы Сиссе соқты. Кездесу барысында қызбалыққа салған Эссьен мен Бейбіт Ғалым қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қорытынды есеп: 0:1 щвейцариялық ұжым пайдасына.
Бұған дейін Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттері Еуропа Лигасында словакиялық “Ружемберок” ұжымынан қос ойын қорытындысы бойынша 5:3 есебімен есе жіберген болатын. Сол кездесуден кейін “Тобыл” аса қиын қарсыласқа тап болды.
Біздің серіктес: FONBET