Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында "Қызылжарды" еш қиындықсыз жеңді.
"Тобыл" сапынан Мирошниченко 35-минутта есеп ашты. Ал екінші тайм бастала салысымен, команда капитаны Азат Нұрғалиев есепті еселеді.
Осы жеңістен кейін Григорий Бабаян шәкірттері он үш ұпаймен турнирлік кестеде 3-орынға көтерілді. Ал өз қақпасына жауапсыз екі гол жіберіп алған "Қызылжар" жеті ұпаймен 9-орында қала бермек.
Біздің серіктес: FONBET