«Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турында «Мақтааралды» қабылдады. Матч Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.
Ойынның бірінші таймында гол соғылған жоқ. Ал екінші тайм бастала салысымен Игорь Сергеев көзге түсті. Көп ұзамай Рубен Бриджиду есепті еселеді. «Мақтаарал» да қарап қалмай, 60-минутта Тұзақбаев пен Юденковтың арқасында есеп айырмасын қысқартты. 68-минутта Сергеев дубль жасады. Сегіз минуттан кейін Рамазан Кәрімов «Тобыл» қақпасынан саңылау тапты. Ал 88-минутта Сергей Малый ойындағы соңғы голды соқты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур
«Тобыл» – «Мақтаарал» – 4:2
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев (Жасұлан Жұмашев 90), Жарко Томашевич, Сергей Малый, Алекса Аманович, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Самат Жарынбетов (к) – Рубен Бриджидо (Руди Пожег 65), Зоран Тошич, Игорь Сергеев;
«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Ерболат Рүстемов (Артур Западня 64), Руслан Юденков (к), Артем Разгонюк, Егор Потапов, Диержон Арипов – Әліби Тұзакбаев (Ринат Джуматов 81), Расамбек Ахматов – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Шериддин Бобоев;
Біздің серіктес: FONBET