«Тобыл» жаңа бапкердің жетекшілігімен өткізген алғашқы матчында «Мақтааралды» жеңді

22.05.2022, 23:56
Атакенттік клуб та қарап қалмай, «Тобыл» қақпасына екі гол соқты.
«Тобыл» жаңа бапкердің жетекшілігімен өткізген алғашқы матчында «Мақтааралды» жеңді

«Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының он екінші турында «Мақтааралды» қабылдады. Матч Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Ойынның бірінші таймында гол соғылған жоқ. Ал екінші тайм бастала салысымен Игорь Сергеев көзге түсті. Көп ұзамай Рубен Бриджиду есепті еселеді. «Мақтаарал» да қарап қалмай, 60-минутта Тұзақбаев пен Юденковтың арқасында есеп айырмасын қысқартты. 68-минутта Сергеев дубль жасады. Сегіз минуттан кейін Рамазан Кәрімов «Тобыл» қақпасынан саңылау тапты. Ал 88-минутта Сергей Малый ойындағы соңғы голды соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 12-тур

«Тобыл» – «Мақтаарал» – 4:2

«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев (Жасұлан Жұмашев 90), Жарко Томашевич, Сергей Малый, Алекса Аманович, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Самат Жарынбетов (к)  – Рубен Бриджидо (Руди Пожег 65), Зоран Тошич, Игорь Сергеев;

«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Ерболат Рүстемов (Артур Западня 64), Руслан Юденков (к), Артем Разгонюк, Егор Потапов, Диержон Арипов – Әліби Тұзакбаев (Ринат Джуматов 81), Расамбек Ахматов – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Шериддин Бобоев;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×