“Тобыл” жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастайды

22.12.2025, 19:35

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тобыл” жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастайды

Команда қаңтар айында Түркия жағалауында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы жиын 6-26 қаңтар аралығына жоспарланған. Үш аптаға созылатын жаттығу процесінде футболшылардың физикалық дайындығы мен тактикалық байланыстарына басымдық беріледі.

Дайындық аясында бірқатар жолдастық кездесулер өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда қарсыластардың бірі белгілі болды:

• Қарсылас: "Напредак” (Сербия)

"Тобыл” өткен маусымның қателіктерімен жұмыс істеп, биылғы додаларда жоғары орындардан көрінуді көздеп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×