«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Максим Мякиш қостанайлық команданың маусым алдындағы дайындығы мен мақсаттары жайлы айтты.
Беларусь жартылай қорғаушысы команда сапын толықтырған жаңа футболшының бірі. 26-жастағы спортшы өткен сенбіде қостанайлық командамен Суперкубокті еншілеген болатын. Айта кетейік, турнирдің финалында «Тобыл» «Қайраттан» пенальтидан басым болды 5:4. Бұл қостанайлықтардың дәл осындай 4-трофейі.
«Біз қатысқан кез-келген турнирде командама көмегімді тигізуге тырысамын. Ары күні Түркістанға ұшамыз. Команда бұл ойынға тас-түйін дайын. Екі аптаға жуық Түркияда болдым, Суперкубоктеге матч бар. Барлығын қосқанда клубқа қосылғаныма 3 аптадан бері уақыт болды. Жалпы айтқанда жігіттердің дайын екені, физикалық тұрғыда бабында жүргені байқалады. Сол үшін маусымға дайындық деңгейін жақсы деп бағалаймын. Иә, Қазақстанда шебер футболшылар көп. Әрине, Нани мен Мозес - топ-деңгей. Алайда, олар ғана емес, алаңда даралана білетін басқа да орындаушылар жетерлік. Сондықтан, өзімді солармен салыстырып көру қызық болғалы тұр», - деді М. Мякиш «На Мяжы» Telegram-арнасына берген сұхбатында.
ҚПЛ-2026 1-тур ойындары 7-8 наурыз күндері басталады. Алдағы сенбіде «Тобыл» жаңа маусымды «Ақтөбеге» қарсы кездесумен ашпақ. Бұл бәсеке «Түркістан Арена» алаңында өтеді. Бұл күні тағы 3 кездесу жоспарланған – «Оқжетпес» - «Елімай», «Алтай» - «Қайрат», «Ордабасы» - «Ертіс».