“Тобылда” дағдарыс басталды ма? Клуб шабуылшысы мәлімдеме жасады

05.01.2026, 20:46

Қостанайлық "Тобыл" клубында қаржылық қиындықтар туындауда, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тобылда” дағдарыс басталды ма? Клуб шабуылшысы мәлімдеме жасады

Команданың шабуыл шебіндегі басты тұлғалардың бірі, Бразилиялық Энрике Девенс клубтан кетуі мүмкін.

"Келісімшарт бар, бірақ клуб қарызға батқан"

Люксембург азаматтығын алған Бразилиялық легионер өзінің болашағына қатысты Legalbet.kz-ке берген сұхбатында шындықты ашық айтты. Девенстің айтуынша, оның "Тобылмен” арадағы келісімшартын тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар, алайда клубтағы жағдай бұған кедергі болуы мүмкін.

"Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Келісімшартты бір жылға ұзартуға мүмкіндігім бар, бірақ қазір клубтың қарыздары көп.” — деп мәлімдеді футболшы.

Команда шабуылшысынан айырыла ма?

2025 жылғы маусымды Қостанайлықтар сапында аяқтаған Девенс команданың шабуыл әлеуетін арттырған маңызды ойыншылардың бірі болды. Бұл мәлімдемеден кейін клуб басшылығы қаржылық мәселелерді шешпесе, негізгі ойыншыларының бірінен айырылып қалуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×