Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Қостанайда өткен ойында жергілікті «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» кездесті.
Тартысты өткен матчта ойын басымдылығы екі команда арасында кезек ауысып отырды. Дегенмен, алғашқы таймның қосымша уақытында «Қайрат» есеп ашты. Дастан Сатпаевтың пасынан кейін Жоржиньо гол соқты.
Екінші таймда Сатпаев тағы бір нәтижелі паспен көзге түсті. Бұл жолы ол допты айып алаңына дәл шығарып, Валерий Громыко есепті 2:0-ге жеткізді. Артынша алаң иелерінің ойыншысы қолмен ойнағаны үшін пенальти белгіленіп, оны Ахмед Эль-Мессауди мүлт жібермеді.
Алайда көп ұзамай, алматылықтардың ойыншысы Эдедем Эссьен екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, «Қайрат» басымдықты уыстан шығармады. 89-минутта Рикардиньо есепті 3:1-ге жеткізіп, командасының жеңісін түбегейлі бекітті.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 40 ұпай жинап, көш басындағы «Астанамен» ұпай санын теңестірді. Ал «Тобыл» 35 ұпаймен үшінші орында қалды.
«Тобыл» — «Қайрат» 1:3 (0:1)
Голдар: Жоржиньо 45+1 (0:1), Громыко 68 (0:2), Эль-Мессауди (пенальти) 76 (1:2), Рикардиньо 89 (1:3)
Қызыл қағаз: Эссьен («Қайрат»), 77-минут.