«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

16.05.2022, 16:09
Тараптар екіжақты мәміле бойынша келісім-шартты үзді.
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Қостанайлық «Тобыл» бас бапкер Александр Москаленконың қызметтен кеткенін хабарлады. Тараптар екіжақты мәміле бойынша келісім-шартты үзді.

«Осы уақытқа дейін «Тобыл» сапында бірнеше белестерді бағындырдық. Қиын да қуанышты кезеңдер бастан өтті. Айтулы жеңістер де, ауыр жеңілістер де болды. Осының бәрін бір команда болып бастап кешірдік. 

«Тобыл» — үлкен міндеттерді орындайтын, алдына биік мақсат қойған ұжым. Бірақ осы жылы біз ойлаған нәрселер іске аспады. Оның өзіндік себептері де бар еді. Алайда мұнымыз тек ақталу сияқты естілуі мүмкін. Сол себепті артық сөйлемейін.

Командаға алдағы уақытта сәттілік, мақсаттарының орындалуын тілеймін. Әр футболшыға, әкімшілік және медициналық штабқа алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Александр Васильевич.

Москаленко «Тобылды» өткен жылы тізгіндеген болатын. Оның жетекшілігімен қостанайлық клуб Қазақстан чемпионы атанып, ел суперкубогін иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×