«Тобылдың» бұрынғы басшысы Қазақстан футболында көзбояушылық барын меңзеді

18.09.2024, 11:05

«Тобылдың» бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан мен Қырғызстан футболына салыстыру жүргізді.

«Тобылдың» бұрынғы басшысы Қазақстан футболында көзбояушылық барын меңзеді
Андрей Канчельскис

Белгілі менеджер қырғыз еліндегі футбол серпілісін тілге тиек етіп, біраз дүниені айтқан болатын.

«Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстандағы футболдың деңгейі Қырғызстаннан жоғары. Бірақ, жергілікті лига даму үстінде, ол жақта жаңа стадиондар салынып жатыр. Қырғыз елінде футбол инфрақұрылымы өркендеу үстінде, «Барселона» өзінің академиясын ашты. Бұл бағыттағы шаруалар кішкентай қадаммен ілгерілеп келе жатыр, ең бастысы мұндағы жұмыстар іс-жүзінде әрі көзбояушылықсыз жүруде», - деді А. Канчельскис.

Айта кетейік, ресейлік маман 2023-жылы қостанайдың «Тобылын» басқарған. Алайда, ұзаққа бармай басы дауға қалып, қызметін босатуға мәжбүр болды.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×