«Тобылдың» бұрынғы директоры Андрей Канчельскис қазақ футболының дамуындағы басты кедергі туралы айтты.
«Манчестер Юнайтед» сапында доп тепкен ардагер сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан футболын салыстырған болатын.
«Қазақстанмен салыстырғанда, өзбек футболы үлкен жетістіктерге жетті. Өзбекстан әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы ел болды, ал Хусанов Англия Премьер-лигасын бағындырып жатыр. Иә, Қазақстанда жақсы футболшылар бар, бірақ олардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер де жеткілікті.Өзбекстанда посткеңестік елердегі ең үздік инфрақұрылым қалыптасты. Футбол мамандары сол жерге келіп, осы саланы дамыта бастады және жастар футболына инвестиция салды. Маған Өзбекстанда жұмыс істеген ұнады. Ол жақтағы адамдар футболды дамытқысы келеді.
Біз белгілі бір идеяларды ұсынған кезде, адамдар сол инфрақұрылымды өзімізбен бірге алып кететіндей көреді. Бізден «бұл не үшін қажет?» деп сұрайды. Алаңдардың сапасына келетін болсақ, Қазақстанда ойнау мүмкін емес. Ол жақта футболды синтетикалық алаңдармен өлтіріп жатыр. Мысалы, Қостанайда екі алаң бар: табиғи және манеждегі жасанды төсеніш. Мен олардың стадиондар салғысы келетінін білемін. Біреуі қазірдің өзінде пайдалануға берілген. Ал келесісі ше? Қағаз жүзінде бәрі мүмкін. Дегенмен, ұлттық құрама мен «Қайраттың» жеткен жетістігінің арқасында Қазақстанда футболға деген қызығушылықтың артқанын жоққа шығара алмаймыз», – деді А. Канчельскис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.
Футбол функционері Өзбекстанда «Навбахорды» жаттықтырды, ал Қазақстанда Қостанайдың «Тобылында» басшылық қызметте болғаны мәлім. Дәл қазір «Динамо» (Брянск) клубының бас бапкерлігінде.