"Тобылдың" ЧЛ-дағы қарсыластары анықталды

27.05.2011, 20:53
"Тобылдың" ЧЛ-дағы қарсыластары анықталды
Кәрі құрлықта кезекті футбол маусымы да аяқталып келеді. Бірақ Еуродадалардың жаңа маусымы шымылдығын ашқалы тұр. Ел чемпионы «Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы 2-квалификациялық раундтағы барлық қарсыластары белгілі болды. Екінші квалификациялық раунд аясында 32 футбол клубы қатысады, 1-квалификациялық раундтың 2 жеңімпазы қосылып, барлығы 34 команда 17 жұпты құрап күш сынасады. Қазақстан чемпионы "Тобыл", төмен көрсеткішіне байланысты екінші деңгейлі топқа түсіп,  солардың бірімен  ойнайды. Сонымен «Тобылдың» болуы мүмкін қарсыластары: - БАТЭ (Беларусь); - «Маккаби» (Хайфа, Израиль); - «Динамо» (Загреб, Хорватия); - «Русенборг» (Норвегия); - «Партизан» (Сербия); - «Апоэль» (Никосия, Кипр); - «Висла» (Польша); - «Штурм» (Австрия); - «Литекс» (Болгария); - «Слован» (Братислава, Словакия); - «Виктория» (Плзень, Чехия); - «Марибор» (Словения); - ХИК (Финляндия); - «Экранас» (Литва); - «Зестафони» (Грузия); - «Мальмё» (Швеция); - «Шэмрок Роверс» (Ирландия).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×