“Тобылдың” көшбасшысы командадан кетпек

31.10.2025, 07:00

Марокколық жартылай қорғаушы мансабын басқа командада жалғастыруды қалап отыр.

“Тобылдың” көшбасшысы командадан кетпек

Костанайлық "Тобылдың” маңызды ойыншыларының бірі — Марокко құрамасының жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди осы қыста командасын ауыстыруы ықтимал. Бұл туралы ASnews.kz порталы хабарлады.

Бельгияда дүниеге келген 30 жастағы Эль-Мессауди биылғы маусымда 22 матчта 7 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. Онымен бірге "Тобыл” Қазақстан кубогын жеңіп алып, чемпионатта қола жүлдегер атанды.

Дереккөздің мәліметінше, ойыншының өкілдері оны "Ақтөбе" клубының жаттықтырушылар штабына ұсынған, алайда бас бапкер Николай Костов бұл нұсқадан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×