«Тобылдың» тәуір ойыны мен «Жетісудың» жеңісі

20.06.2011, 11:00
«Тобылдың» тәуір ойыны мен «Жетісудың» жеңісі
Кеше ел біріншілігінің 16 – тур ойындары аяқталды . Тур шымылдығын сенбі күні Повладарда жергілікті «Ертіс» пен «Атырау» командалары ашқан болатын. Жергілікті жанкүйерлердің алдында «Жетісудан» жеңіліс тапқан солтүстік Қазақстандық ұжым бұл ойында қалай да жеңіске жетуді көздеген. Матчтың басында жылдам гол соғып алған «Ертіс» ойын тізгінін қарсыластарға ұстатпай жауапсыз тағы екі гол соғып жеңіске жетті. Гол авторлары : Говедарица Предраг, Сергиенко Эдуард, Даскалов Георгий. Астанаға су жаңа бапкермен «Қайрат» қонаққа барған . «Астана» қонағжай болмай шықты. Бұл ойынды біраз жұртшылық тағатсыздана күткені жасырын емес. «Қайрат» тізгінін Джон Грегори ұстағалы да көп болмаса атақ даңқы дардай бапкерден үміті үзілуге шақ қалған алматылық жұртшылық оң нәтиже күтені де рас. Алайда қатарларын ұлттық құраманың серкелерімен , таңдаулы легионерлермен жасақтаған біріншіліктің көшбасшысы қарсыластарын тас талқан қылып ұтып кетті. Тоқсан минутта Цветков күзеткен қақпаға алты доп тоғытқан «Астана» өз тарихындағы ең ірі жеңісіне , ал 55 жылдық тарихы бар «Қайрат» ең ірі жеңілісіне жақын еді. Дәл осы сәтте ел футболының мақтанышы , алматылықтар ағылшындық бапкерден тәлім телетіндерін танытты. Нағыз ағылшындық стильде, ойынның соңғы секундтарында , стандарттық жағдайды ұтымды пайдаланып бір доп айырмасын қысқартты. «Астана» — «Қайрат» 6:1 (3:0) Голдар: Бугаев 3 (1:0), Богавац 21 (2:0), Гурман 35 (3:0), Бугаев пенальтиден 53 (4:0), Қонысбаев 73 (5:0), Жұмасқалиев 81 (6:0), Струков 90+3 (6:1). «Таразға» «Шахтер» келіп қанжығасы майланып қайтты . Қарағандылық жұртшылықтың Сергей Хижниченкоға алғысы шексіз. Өткен турда «Тобылды» қабылдап дәл осы Хижниченконың қос добының арқасында жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да сол Сергейдің сыңар добы сырт алаңда 3 ұпай әперді. Шымкентте «Ордабасы» мен «Восток» кездесіп екеуара мықтыны анықтай алмады.Есеп 0-0. Турнир кестесінде «Ордабасыны» өкшелеп келе жатқан «Тобыл» Қызылордалық «Қайсарды» қабылдап қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты. «Тобыл» — «Қайсар» 3:0 (2:0) Голдар: Волков 18 (1:0), Бекрич 23 (2:0), Гридин 83 (3:0) Осы турдың орталық кездесуі «Жетісу» жерінде өтті. Талдықорғанға « Ақтөбе» келіп қоржындары бос қайтты. «Жетісу» — «Ақтөбе» 3:2 (2:0) Голдар: Цветкович 13 (1:0), Климавичюс 34 (2:0), Күмісбеков автогол 56 (2:1), Аверченко 68 (2:2), Бақаев 70 (3:2) 16-турдан кейін турнир кестесі төмендегідей: № Команда О Ж Т Ұ Г Ұп 1 «Астана» 16 11 3 2 31 – 17 36 2 «Шахтер» 17 11 2 4 27 – 13 35 3 «Жетісу» 16 10 4 2 28 – 12 34 4 «Ақтөбе» 16 9 2 5 28 – 15 29 5 «Ертіс» 16 8 2 6 30 – 23 26 6 «Ордабасы» 16 7 4 5 20 – 11 25 7 «Тобыл» 17 7 2 8 27 – 22 23 8 «Тараз» 16 5 1 10 11 – 18 16 9 «Атырау» 16 3 6 7 12 – 22 15 10 «Қайрат» 16 4 2 10 16 – 32 14 11 «Восток» 16 1 7 8 10 – 28 10 12 «Қайсар» 16 2 3 11 10 – 37 9
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×