«Тобылға» «трансферлік тыйым» салынды ма?

04.02.2021, 16:27
ФИФА шынымен де «Тобылға» «трансферлік» тыйым» туралы хат жіберіпті.
«Тобылға» «трансферлік тыйым» салынды ма?

Күні кеше БАҚ беттерінде қостанайлық "Тобылға" екі жылға дейін ойыншы алуға тыйым салынды деген ақпарат шыққан болатын. Бұл клубтың бұрынғы ойыншысы Фернандер Кассайдың мәселесіне байланысты болғаны туралы да хабарланды.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі "трансферлік бан" туралы пікір білдірді:

- Расымен де, кеше клубқа ФИФА Тәртіптік комитетінен хабарлама келді, онда FIFA ПРС шешімінің орындалмауына байланысты ойыншылардың халықаралық және ішкі ауыс-түйістеріне "трансферлік тыйымның" салынғаны жазылған. Бірақ бүгін біз сол ұйымнан басқа хат алдық және ресми түрде хабарлаймыз: "Тобылға" қатысты енгізілген "трансферлік тыйым" – ФИФА тарапынан кеткен техникалық қателік. Осылайша, "Тобыл" ФК жаңа ойыншыларды тіркеуді жалғастыра алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×