Тоғыз футболшымен ойнаған «Қайрат» «Алашкертке» есе жіберді

13.08.2021, 04:48
Алматылық клуб еурокубоктегі жорығын Конференция лигасырда жалғастырады.
Тоғыз футболшымен ойнаған «Қайрат» «Алашкертке» есе жіберді

"Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Алашкерттен" жеңіліп қалды. Матч Еревандағы "Вазген Саргсян" атындағы стадионда өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің 43-минутында Эмбало Папикянның пасынан кейін командасын алға шығарды. Бірақ бұл қуаныш көпке созылмады. Бірінші таймға қосылған қосымша уақытта Айбол Әбікен таразы басын теңестірді. 50-минутта Эмбало дубль авторы атанды. Ал жауапты голды 61-минутта қосалқы құрамнан шыққан Артур Шушеначев соқты. Бір минут өткеннен кейін Денис Поляков, ал 92-минутта Айбол Әбікен тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Мұны пайдаланған алаң иелері 104-минутта жеңісті голды соғып кетті. Өткен матчта пенальтиден гол соға алмаған Александр Глишич көзге түсті.

Осылайша, алматылық клуб еурокубоктегі жорығын Конференция Лигасында жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×