33 жастағы шабуылшы “Бухара” ойыншысы атанды.
Тома Өзбекстан чемпионатының алғашқы айналымын “Нефтчи” командасымен бастаған болатын. Шабуылшы Ферғана ұжымы жейдесінде 16 ойын өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді.
Табатадзе өз мансабында грузиялық “Олимпик” Тбилиси, “Сабуртало”, “Сиони”, “Рустави”, латвиялық “Олимп”, түркиялық “Бартинспор”, “Трабзон”, “Серик” Беледие, “Сомаспор”, өзбекстандық “Навбахор” ұжымдарында өнер көрсетті.
Одан тағысы, грузиялық шабуылшы 2021/22 жылғы маусымда оралдық “Ақжайықта” ойнады. Онда ол барлығы 20 ойын өткізіп, 11 гол мен 8 голдық пас берді. Тома қазақстандық ұжымда жақсы қырынан танылды. Соның нәтижесінде Табатадзе келесі маусымда Өзбекстанның 5 дүркін чемпионы “Нефтчиге” ауысты.
Трансфермаркт порталы 33 жастағы ойыншыны 200 мың еуроға бағалайды.