
Томас Мюллер өзінің Instagram парақшасында "Бавариямен" жаңа келісімшарт жасалмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл оның Мюнхендік клубтағы аңызға айналған мансабының осы маусымның соңында аяқталатынын білдіреді.
Мюллер жазда "Бавариямен” бірге Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатына қатысып, шілде айында клубтан ресми түрде кетеді.
Томас Мюллер 2009 жылы "Баварияның” негізгі құрамында дебют жасады. Содан бері ол клуб сапында 742 матчқа қатысып, 247 гол соғып, 12 мәрте Бундес лиганы және 2 мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Соңғы маусымдарда Мюллер негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, көбіне қосалқы ойыншы ретінде алаңға шықты. Осыған байланысты клуб кеңесшісі әрі бұрынғы президенті Ули Хёнесс оған маусым соңында зейнетке шығуды ұсыныпты. Ол Мюллер сияқты әлем чемпионына қосалқы ойыншы болып қалудан гөрі, осы шешім дұрысырақ деп ойлаған.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET