"Бавария" шабуылшысы Томас Мюллер испан бапкерінің алғашқы жаттығуларына байланысты өз пікірін білдірді.
"Маған Гвардиоланың жаттығуы ұнады. Неміс тілін әжептәуір меңгеріп алғаны мені таң қалдырды. Көп уақыт бойы біз доппен жұмыс жасадық. Ал мұндай жаттығулар футболшыларға керек-ақ" - деп журналистерге өз әсерімен бөлісті.
Пеп Гвардиола Германияның ең атақты командасына осыдан жарты жыл бұрын бас бапкер ретінде жұртшылыққа таныстырылған. Бірақ ол келмей тұрып-ақ "Бавария" клубы Чемпиондар Лигасы мен Бундес лига біріншілігін қатар жеңіп алды. Испан бапкерінің қолынан осындай жетістікке жеткізу қаншалықты қиын болады екен?..