Лондондық «Арсенал» ресми сайтында "Атлетико Мадридтің" 27 жастағы ганалық жартылай қорғаушысы Томас Партидің трансфері туралы хабарлады. "Канонирлер" ойыншының келісімшартында қарастырылған 50 миллион еуроға сатып алу опциясын іске қосты.
«Томаста «Арсеналдың» үздік ойыншысы болу үшін барлық қажетті қасиеттер бар. Ол алаңда және алаңның сыртында да көшбасшы және біздің клубта көргіміз келген ойыншы. Біз қазірдің өзінде Томасты жақсы білетінімізді сезіндік, бұл оның соңғы ойындарын мұқият талдауда жасаған жұмысымызға негізделген. Оның жан-жақты ойынының және агрессивті стилінің арқасында ол біздің командаға көп көмектесе алады. Біз маусымды жақсы бастадық және сол қалыпта жалғастырғымыз келеді. Томас қазір біздің клубтың мүшесі», - деді «Арсеналдың» техникалық директоры Эдуардо Гаспар.
Томас Парти жаңа клубта 18-ші нөмірмен ойнайтын болады. 2019/2020 жылғы маусымда Парти «Атлетико» сапында барлық турнирлерде 46 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Лукас Торрейра мансабын Испанияда жалғастырады. Лондондық клуб уругвайлықтың «Атлетикоға» жалдау шарты бойынша ауысқанын растады.
Торрейра 2018/19 маусымы алдында "Сампдориядан" "Арсеналға" ауысқан болатын. Содан бері 89 ойын өткізіп, 5 гол соққан екен. Оның «Арсеналмен» келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET