Томас Тухель қазан айының үздік бапкері атанды

12.11.2021, 23:28
Лондондық клуб өткен айда өткізген 4 ойынның бәрінде жеңді.
Томас Тухель қазан айының үздік бапкері атанды

"Челсидің" тәлімгері Томас Тухель Англия Премьер-лигасының қазан айындағы ең үздік бапкері деп танылды.

Өткен айда неміс маманының жетекшілігімен "аристократтар" 4 кездесудің бәрінде жеңіске жетті. Лондондық клуб "Саутгемптон" (1:3), "Брентфорд" (1:0), "Норвич" (7:0) және "Ньюкасл" (3:0) командаларынан басым түсті.

Тухель дауыс беру кезінде Юрген Клопп ("Ливерпуль"), Дэвид Мойес ("Вест Хэм") және Патрик Виейраны ("Кристал Пэлас") басып озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×