Томас Тухель ресми түрде «Челсидің» бапкері атанды

27.01.2021, 05:25
Тухель ертең клубтағы дебюттік матчын өткізеді.
Томас Тухель ресми түрде «Челсидің» бапкері атанды

Лондондық “Челси” клубының бас бапкері болып Томас Тухель тағайындалды. 47 жасар неміс маманы мен лондондық клуб бір жарым жылдық келісімшартқа отырды.

"Челсиге" маған және менің қызметкерлеріме сенгені үшін алғыс айтқым келеді. Біз бәріміз Фрэнк Лампардтың "Челсидегі" жұмысына және оның артында қалдырған мұрасына үлкен құрметпен қараймыз. Сонымен қатар мен өзімнің жаңа командаммен кездесіп, әлемдік футболдағы ең қызықты лигадағы күресті бастауды тағатсыздана күтемін. Мен "Челси" клубының мүшесі болғаныма қуаныштымын - бұл керемет сезім!" - деді Тухель клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

”Челси” жақында ғана бас бапкер Фрэнк Лэмпардты жұмысынан босатқан еді. Ал Тухель ПСЖ-дағы орнын Маурисио Почеттиноға босатып бергені бәріңізге мәлім.

“Челси” Англия чемпионатында 19 турдан кейін 29 ұпай еншілеп, тоғызыншы орында келеді. Лондондық клуб ертең өз алаңында "Вулверхэмптонды" қабылдайтын болады. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×