Томас Тухельді алмастыратын бапкерлердің есімі белгілі болды

20.12.2020, 22:35
Тухельдің клубтағы болашағы бүгінгі матчқа байланысты.
Томас Тухельді алмастыратын бапкерлердің есімі белгілі болды

ПСЖ клубының бас бапкері Томас Тухель жақын арада қызметінен кетуі мүмкін.

ПСЖ жаттықтырушысы қызметіне негізгі үміткерлер, ESPN-нің хабарлауынша, Массимилиано Аллегри мен Маурисио Почеттино болып табылады. Екі маман да 2019 жылдан бері жұмыссыз жүр.

Бүгін, жексенбі күні "Лилльмен" болған матчқа байланысты Тухельге қатты қысым жасалып отырғаны атап өтілді. ПСЖ "Лилльден" бір ұпайға қалып, үшінші орында келе жатыр. Бірінші орынға "Лион" жайғасты.

Айта кетейік "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Барселонамен" кездесетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×