Томас Тухельдің қай клубта жұмыс істегісі келетіні белгілі болды

25.12.2020, 02:24
«Арсеналды» жаттықтыру мүмкіндігі көбірек.
Томас Тухельдің қай клубта жұмыс істегісі келетіні белгілі болды

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қызметінен босатылған "Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Томас Тухельдің жоспарлары белгілі болды.

Журналист Кристиан Фальктың мәліметінше, неміс маманы мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастырғысы келеді. Ол "Арсенал" немесе "Манчестер Юнайтедте" жұмыс істеуге мүдделі.

Бұған дейін ПСЖ Тухельмен келісімшартты ұзартпайды деп хабарланған болатын, бірақ бапкер маусымның соңына дейін клубта жұмыс істейді деп күтілген болатын.

Тухель ПСЖ-ны 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді.. Оның басшылығымен париждік команда екі рет Франция чемпионы атанды, сонымен қатар Франция Кубогы, Лига Кубогын және екі рет ел суперкубогын жеңіп алды. Команда өткен маусымда Чемпиондар лигасының финалына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×