Томасов Премьер-лиганың бүгінгі кездесуінен шет қалды

“Астананың” хорватиялық легионері “Жеңіспен” болатын елордалық дербиге қатыспайды. 

Томасов Премьер-лиганың бүгінгі кездесуінен шет қалды

Команданың осы маусымда гол+пас жүйесі бойынша дараланған ойыншы чемпионаттағы алған 3 сары қағазының кесірінен бүгінгі ойыннан шет қалады.

Еске салсақ, Марин “Астана” сапында жүріп осы маусымда “Ұлытау”, “Тұран” және “Қайсар” ұжымдарына қарсы ойында төреші тараптан жазаланды. 

Жоғарыда айтқандай Томасов команданың ең нәтижелі ойыншыларының бірі. Ол осы маусымда өткізген 19 матчта 8 гол мен 11 голдық пас берді.

Хорват шабуылшысы “Астана” жүйесінде 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол барлығы 292 матч өткізіп, 118 гол мен 113 голдық пас берді.  

Айта кетейік, Томасов құрамда болмайтын бүгінгі ойын сағат 19:00-де басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×